Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың Ақпараттық-қызмет орталығында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің BIM жобалау және құрылысты басқару» білім беру бағдарламасы тобының студенттеріне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Студенттермен қатар экскурсияға Т. Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты, ҚжҚМ кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.м. Конысбаева Жанна Оңғарқызыда қатысты.
Экскурсия барысында студенттер кітапхананың қызметімен, оқу залдарымен және кітап қорымен танысты. Сондай-ақ техникалық және ғылыми бағыттағы әдебиеттерді пайдалану мүмкіндіктері көрсетіліп, кітапхана ресурстары туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттер кітапхана қызметіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
📖 Кітапхана – білім мен ізденіске бастар жол!





