Құрметті пайдаланушылар!
Назарларыңызға «ҚазҚСҒЗИ» АҚ хабаршысы» журналының жаңа санын ұсынамыз: № 2, маусым (4, 5, 6-шығарылымдар), 2026 жыл.
Басылым 2011 жылы құрылған. Журналда құрылыс ғылымы саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулердің нәтижелері жарияланады. Ғылыми мақалалар редакциялық алқаның тексеруінен және рецензиялауынан өтеді.


«Хабаршыда» сейсмикаға төзімді құрылыс, ақпараттық технологиялар, баға белгілеу, құрылыстағы нормалау және басқа да салалар бойынша ғалымдардың ғылыми еңбектері қолжетімді.
Барлық мүдделі мамандарды Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығына келіп, журналдың толық мәтінімен танысуға шақырамыз.
Анықтама алу және келу үшін байланыс деректері:
Телефондар: +7(727)-378-37-30, +7(727)-378-37-29, +7(727)-378-35-63.
Мекенжайы: Мұқанов к-сі, 233 (Қарасай батыр к-нің қиылысы);
Жұмыс кестесі: 9:00-ден 18:00-ге дейін (сенбі және жексенбі — демалыс);
E-mail: spvid@rntb.kz;