Бүгін қазақтың үнін қалың елге жеткізіп келе жатқан Qazaq радиосында қонақ болып, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың тыныс-тіршілігі мен атқарып жатқан ауқымды жұмыстары жайында мазмұнды сұхбат өрбіттік.
РНТБ президенті ретінде кітапханамыздың ғылым мен білім кеңістігіндегі орны, бүгінгі жаңашыл бағыттары мен болашаққа бағдарланған бастамалары туралы ой бөлістім.
Сұхбатымызды шебер жүргізіп, әңгіменің ажарын аша білген Гүлмира Нәлібайға ерекше алғысымды білдіремін. 🌷
Әсерлі әңгіме, жылы жүздесу, ортақ ой мен жақсы ниет тоғысқан тамаша кездесу болды.РНТБ – ғылымға жол ашып, білімге қанат бітіретін, ізденген жанға бағыт беретін рухани әрі зияткерлік орта.
Осындай мүмкіндіктер арқылы еңбегімізді елге танытып, ғылым мен кітап мәдениетін насихаттай беру – біз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік.
Алматова Б. Г. – Президент НАО “РНТБ”