Іс-шарада мыналар ұсынылды:
— ««РҒТК» КЕАҚ Техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлері орталығының қорлары мен қызметтері», «Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар электрондық кітапханасы» атты презентациялар;
— нормативтік-техникалық құжаттар және диссертациялар қорымен жұмыс істеуге арналған нормативтік құжаттар мен анықтамалық-ақпараттық материалдар көрмесі;
— кітапхана бойынша ақпараттық экскурсия өткізіліп, оның барысында қатысушылар диссертациялар, нормативтік-техникалық құжаттар және өнеркәсіптік каталогтар қорларымен, сондай-ақ диссертациялар қорын ақпараттың микротасымалдағыштарынан цифрландыру үдерісімен таныстырылды;
— қормен жұмыс істеу бойынша практикалық сабақ ұйымдастырылып, оның соңында студенттерден тест алынды;
— қызығушылық танытқан тұлғаларға толық анықтамалар мен кеңестер берілді.
