2025 жылғы 26 ақпанда «РҒТК» КЕАҚ Техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлері орталығы К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің оқытушылары мен студенттері үшін ««РҒТК» КЕАҚ қорлары мен қызметтері – оқу үдерісіне көмек» атты көшпелі Ақпарат күнін өткізді.
Қатысушылар назарына Арнайы түрлер орталығының қорлары мен қызметтері, кітапхананың жарияланбаған материалдар қоры және Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар электрондық кітапханасына қол жеткізу туралы презентациялар ұсынылды. Іс-шара аясында нормативтік құжаттардың, мерзімді басылымдар мен диссертациялардың тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.



Тыңдармандар кітапхананың диссертациялар қоры мен электрондық ресурстарына қызығушылық танытты. Іс-шара барысында орталық қызметкерлері тыңдаушыларға қажетті ақпаратты іздеу жөнінде кеңес берді.