Ақпараттық экскурсия

2025 жылғы ақпанда «РҒТК» КЕАҚ Ақпараттық-сервистік орталығы ««ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті» ЖШС докторанттарына арналған ақпараттық экскурсия өткізді. Экскурсияға қатысушылар кітапхананың кітап қорымен және мерзімді басылымдар қорымен таныстырылды, сондай-ақ оларға электрондық ресурстардан қашықтан қол жеткізу режимінде ақпарат іздеу мүмкіндігі берілді.