2026 жылғы 7 қазанда жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым дамуының заманауи үрдістері мен ғылыми-зерттеу қызметінің өзгеруіне арналған Elsevier Kazakhstan International Research Conference 2026: Advancing Science in the AI Era in Kazakhstan халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.
Қазақстандық пайдаланушылардың әлемдік ғылыми ресурстарға қолжетімділігін кеңейту аясында Elsevier компаниясының жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, ғылыми ақпаратты іздеуге, талдауға және зерделеуге арналған жаңа платформасы — LeapSpace AI-ға тестілік қолжетімділік ашылды.
Elsevier компаниясының заманауи құралдарына қолжетімділікті кеңейту «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ақпараттық ресурстарын пайдаланатын ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар, аспиранттар және ғылыми ұйымдардың мамандары үшін ерекше маңызды.
Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана үшін халықаралық ғылыми ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету Қазақстандағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
LeapSpace платформасын тестілеу мүмкіндігі ғылыми қауымдастық өкілдеріне зерттеулер жүргізу, ғылыми жарияланымдар дайындау және өзекті ғылыми деректерді іздеу барысында жасанды интеллекттің заманауи құралдарының практикалық құндылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Тестілік қолжетімділік мерзімі: 2026 жылғы 7 қазаннан 7 қарашаға дейін.
Платформаға қол жеткізу:
🔗ScienceDirect LeapSpace
Платформаға кіру үшін Elsevier/ScienceDirect жүйесіндегі қолданыстағы пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдалану қажет.
«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Қазақстанның ғылыми қауымдастығын LeapSpace AI платформасына берілген тестілік қолжетімділік мүмкіндігін пайдалануға және жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде ғылыми ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерімен танысуға шақырады.
