«РҒТК» КеАҚ орталықтары мен филиалдарының қорына жаңа кітаптар келіп түсті

«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КеАҚ орталықтары мен филиалдарының кітап қорлары ғылымның, техниканың және заманауи технологиялардың өзекті бағыттарын қамтитын жаңа ғылыми, оқу және анықтамалық әдебиеттермен толықты.

Жаңа түскен басылымдардың қатарында металлургия, машина жасау, биотехнология, экология, ақпараттық технологиялар, өндірісті автоматтандыру, зияткерлік меншік және басқа да салалар бойынша кітаптар бар.

Заманауи өндірістік үдерістерге, технологиялық зерттеулерге, робототехникаға, компьютерлік графикаға және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналған басылымдар ерекше орын алады.

Кітапхана қорына келіп түскен әдебиеттердің қатарында «Производство цинка и кадмия», «Интеллектуальная собственность (вопросы законодательства, теория и практика)», «Компьютерная графика», «Металды пісіру және кесу» және қазақ және орыс тілдеріндегі басқа да ғылыми және оқу басылымдары бар.

Жаңа басылымдар оқырмандарға білімдерін кеңейтуге, оқу, ғылыми зерттеу және кәсіби қызмет үшін қажетті материалдарды табуға мүмкіндік береді.

Ғалымдарды, оқытушыларды, студенттерді, зерттеушілерді және түрлі сала мамандарын «РҒТК» КеАҚ орталықтары мен филиалдарына келіп түскен жаңа басылымдармен танысуға шақырамыз.