«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ-да «2026–2027 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру» жобасы әзірленді.
Жобаның жұмыс атауы — RNTB International Cooperation.
Жоба ғылыми-техникалық және патенттік ақпарат, цифрлық кітапханалар мен ашық ғылым саласындағы халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған.
Алда — шетелдік кітапханалармен және бейінді ұйымдармен кәсіби байланыс орнату, тәжірибе алмасу, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру, халықаралық жобаларға қатысу және әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті кеңейту күтілуде.
РҒТК үшін халықаралық ынтымақтастық — тек білім алмасу ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның жаһандық ғылыми-ақпараттық кеңістіктегі ұстанымын нығайту мүмкіндігі.
Ғылым, технология және кітапхана ісі үшін жаңа көкжиектер ашамыз!
