Жоғары білім қызметкерлері күні құтты болсын!

Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының ұжымы барша оқытушыларды, ғалымдар мен жоғары білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!

Жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие берудегі, отандық ғылым мен инновацияны өркендетудегі қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің ізденістеріңіз — ел болашағының берік іргетасы. Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, шығармашылық шабыт және толағай ғылыми жетістіктер тілейміз!