Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал іске қосылды

«Қазақстан Кітапханалар Одағы» кітапхана ісі саласының мамандарына арналған жаңа ақпараттық ресурсты таныстырды.

Жаңа платформада:
Салалық жаңалықтар мен отандық кітапханашылардың халықаралық іс-шараларға (соның ішінде IFLA WLIC конгресіне) қатысуы туралы ақпараттар;
Кәсіби тәжірибе алмасуға арналған әдістемелік құралдар мен материалдар;
Еліміздің кітапханалар қауымдастығын біріктіретін өзекті жобалар жарияланады.

Жаңа портал отандық кітапхана жүйесін цифрландыруға және сала мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған маңызды ақпараттық алаңға айналмақ.