Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика қызметкерлерінің күні

Іс-шара жоспары
Тақырыбы: «Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика қызметкерлерінің күні»
Ұйымдастырушы: «РҒТК» КЕАҚ Техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлері орталығы
Өтетін орны мен күні: Алматы қ., Мұқанов к-сі, 233,
2026 жылғы 14 қыркүйек, сағат 10:00, Арнайы түрлер орталығының ғимараты

Модератор:
Шапошникова А.Н. – Техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлері орталығының директоры.

Қатысушылар:
Шапошникова А.Н. – Арнайы түрлер орталығының директоры
Өтепова Г.М. – ұжымдық пайдаланушылармен жұмыс секторының меңгерушісі
Трунова Н.С. – бас кітапханашы

Арнайы түрлер орталығы кітапханасының пайдаланушылары: Алматы метрополитенін жобалаумен айналысатын қытайлық «ChinaRailwayCocstuction» компаниясының мамандары;

Қазақ инженерлік-техникалық университетінің төртінші курс студенттері.

Іс-шара бағдарламасы:
1. Ашылуы: Орталық директорының алғы сөзі:
БӨАжА қызметкерлерін кәсіби күнімен құттықтау.
Мамандықтың тарихы мен Қазақстан өнеркәсібіндегі
маңызы туралы қысқаша әңгіме.
БӨАжА – бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика.
БӨА – өндірістің «көзі мен құлағы». Бұл – температура, қысым, шығын, деңгей, кернеу және т.б. параметрлерді өлшейтін және бақылайтын аспаптар.
А – өндірістің «миы мен қолы».
Автоматика – БӨА деректері бойынша жабдықты адамның қатысуынсыз өздігінен басқаратын жүйелер

2. Әдебиеттер көрмесі: Орталық кітапханасының қорындағы БӨАжА бойынша кітаптар, мерзімді басылымдар мен анықтамалықтар көрмесі.
Жаңа әдебиеттер мен техникалық басылымдарға шолу.
Кітапхана пайдаланушыларының еркін танысуы.

3. Жабылуы: іс-шараның қорытындысын шығару.

Арнайы түрлер орталығы кітапханасының пайдаланушылары: Алматы метрополитенін жобалаумен айналысатын қытайлық «ChinaRailwayCocstuction» компаниясының мамандары

Қазақ инженерлік-техникалық университетінің төртінші курс студенттері.