9 мамырдан құттықтаймыз!

Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері, әріптестер!

«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ ұжымы сіздерді 9 Мамыр – Жеңіс күнімен құттықтайды!

Бұл – әрбір қазақстандық үшін қастерлі мереке. Бұл күні біз жер бетіндегі бейбітшілік пен бостандықты қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігіне тағзым етеміз. Біз жауынгерлердің қаһармандығын, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегін және Жеңісті жақындатқан жандардың барлығының төзімділігін мақтан тұтамыз.

Ұлы Отан соғысы туралы естелік – біздің тарихымыз, мақтанышымыз әрі борышымыз. Біз оны сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттауға міндеттіміз.

Осынау жарқын мерекеде ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және жақындарының ықыласын тілейміз. Барша қазақстандықтарға ашық аспан, бақ-береке және бірлік тілейміз.

Батырларға мәңгілік даңқ! Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.

Жеңіс күні құтты болсын!

«РҒТК» КЕАҚ ұжымы