«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ ұжымы сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
7 мамыр — ерлік, намыс пен отансүйгіштіктің мерекесі. Бұл күні біз еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін күзетіп тұрған жандарға құрмет көрсетеміз. Өз еңбегімен, білімімен және қайсарлығымен Қазақстанды нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтарды мақтан тұтамыз.
Қарулы Күштердің ардагерлеріне, әскери қызметшілерге және Отан алдындағы борыш пен адалдықты бәрінен биік қоятын барша жандарға ерекше алғыс білдіреміз.
Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, қажымас қайрат пен кәсіби табыс тілейміз. Шаңырақтарыңызда әрқашан тыныштық, татулық пен ертеңгі күнге деген сенім орнасын.
Мереке құтты болсын! Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
«РҒТК» КЕАҚ ұжымы