Мәжілісте өткен үкімет сағатында жасанды интеллекттің дамуын ескере отырып, жаңа форматтағы кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. Басты назар білім беру жүйесін еңбек нарығының заманауи талаптарына бейімдеуге аударылды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жасанды интеллект саласы бойынша маңызды реформалар іске асырылуда:
- Кадр даярлаудың біріңғай реттеуші моделі енгізілді.
- Еліміздің барлық студенттері үшін жасанды интеллект бойынша арнайы пәндер оқу бағдарламасына қосылды.
- Жоғары оқу орындары үшін осы бағытта сапалы білім беруді қамтамасыз ететін ортақ стандарттар бекітілді.



