«РНТБ» КЕАҚ Президенті Алматова Б.Г. Ақпараттық‑сервистік орталықтағы Qazaq Reading Hub жұмысыымен танысты

Бүгін «Республикалық ғылыми‑техникалық кітапхана» КЕАҚ Президенті Алматова Б.Г. Ақпараттық‑сервистік орталыққа барып, Qazaq Reading Hub оқырмандар клубының қызметімен және орталықтың жұмысымен танысты.

Сапар барысында клубтың негізгі қызмет бағыттары, оның мақсаттары мен оқуды насихаттау жөніндегі жоспарлары таныстырылды. Сондай‑ақ Алматова Б.Г. орталықтың жұмысын ұйымдастырумен, ақпараттық ресурстарымен және пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтерімен танысты.

«РНТБ» КЕАҚ Президенті оқу мәдениетін дамыту, оқырмандық бастамаларды қолдау және білім мен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін заманауи жағдайлар жасаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу конструктивті әрі жылы атмосферада өтті.