Бүгін «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ-та Басқарманың кеңейтілген отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету бойынша қызметтер» конкурсы аясындағы 2026 жылғы шілде айындағы іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп тыңдалды.
«РҒТК» КЕАҚ вице-президенті М.Ю. Маленькая баяндама жасап, орындалған іс-шаралар, қол жеткізілген нәтижелер және жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берді. Баяндамада конкурстық жоба шеңберіндегі міндеттемелердің жүйелі түрде орындалғанын куәландыратын жұмыстың негізгі көрсеткіштері, орындалған тапсырмалар мен аралық қорытындылар көрініс тапты.
Талқылау қорытындысы бойынша атқарылған жұмысқа баға беріліп, сондай-ақ кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыруға және жоба іс-шараларын тиімді іске асыруға бағытталған алдағы міндеттер айқындалды.






