EBSCO-ның жаңа мәліметтер базаларына қолжетімділік ашылды!

«РҒТК» КЕАҚ-та келесі EBSCO мәліметтер базаларына қолжетімділік ашылды:

  1. GeoRef with Full Text
  2. Petroleum Source
  3. Environment Complete

+ eBook Subscription Petroleum Collection

Ресурстар туралы толығырақ:

1. Petroleum Source – Мұнай-газ саласы бойынша мамандандырылған толық мәтінді мәліметтер базасы. Мұнай мен газды барлау, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау және сақтау мәселелерін қамтиды. Базада мұнай-газ кешенінің технологиялары, көмірсутек ресурстары, өнеркәсіптік қауіпсіздік және энергетика бойынша ғылыми журналдар, салалық шолулар, сараптамалық есептер мен басқа да материалдар жинақталған.

Мұнай-химия саласын зерттеуге арналған ғылыми басылымдар базасы:

Әлемнің 26 елінен 78 баспа
Ағымдағы толық мәтінді 115 журнал
Кәсіпорындардың 236 профилі
Мұнай-химия индустриясының 152 есебі
Компаниялардың 66 SWOT-талдауы
16 монография
100 электрондық кітап

Ғылыми база басылымдары 55-тен астам пәндік саланы қамтиды, оның ішінде:

  • Мұнай-газ өнеркәсібі
  • Геология
  • Тау-кен өнеркәсібі және минералдық ресурстар
  • Газ өнеркәсібі
  • Көмір өнеркәсібі
  • Жер және атмосфера туралы ғылымдар
  • Химиялық инженерия
  • Мұнай инженериясы
  • Көмір
  • Мұнай геологиясы
  • Мұнай және мұнай өнімдері
  • Отын элементтері
  • Табиғи газ
  • Петрология
  • Жанғыш тастар (сланецтер)
  • Энергия тиімділігі және т.б.


2. Environment Complete – Экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша мамандандырылған мәліметтер базасы. Экосистемалар, табиғи ресурстар, тұрақты даму, экологиялық саясат, қоршаған ортаның ластануы, жаңартылатын энергетика және экологиялық технологиялар саласындағы зерттеулерді қамтиды. Базада толық мәтінді ғылыми журналдар, монографиялар және сараптамалық материалдар ұсынылған.

Экологиялық технологиялар, қоршаған орта және тұрақты даму саласындағы толық мәтінді ғылыми басылымдар базасы:

  • 1 175 толық мәтінді ғылыми журнал
  • 175 кітап пен монография
  • 158 есеп
  • Конференциялардың 27 жинағы және т.б.

(Базада әлемнің 75 елінен 855 баспаның барлығы 2 776 ғылыми басылымы индекстеледі. Ағымдағы толық мәтінді 838 ғылыми журналдың 626-сы Web of Science немесе Scopus базаларында индекстеледі).

Ғылыми база басылымдары 380-нен астам пәндік саланы қамтиды, оның ішінде:

  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Тұрақты даму
  • Жаңартылатын энергия
  • Сумен жабдықтау
  • Ластану және қалдықтарды басқару
  • Теңіз ғылымдары
  • Токсикология
  • Энергия және энергетика
  • Жер және атмосфера туралы ғылымдар
  • Экологиялық технологиялар
  • Гидрология
  • Жабайы табиғатты басқару
  • Климаттың өзгеруі
  • Орман және орман шаруашылығы
  • География және картография
  • Ауыл шаруашылығы және фермерлік
  • Биотехнологиялар және т.б.

3. GeoRef with Full Text – Геология және Жер туралы ғылымдар бойынша толық мәтінді мәліметтер базасы. Геофизика, гидрогеология, минералогия, палеонтология, теңіз, инженерлік және экологиялық геологияны қамтиды. Жердің геологиялық құрылысын, табиғи ресурстарды және геологиялық процестерді зерттеуге қажетті беделді ғылыми журналдар мен басқа да зерттеу материалдарына қолжетімділік береді.

Географиялық ғылымдарды зерттеуге арналған ғылыми басылымдар базасы:

Америкалық геология ғылымдары институтымен (AGI) әзірленген

Ағымдағы толық мәтіндегі 420+ журнал

GeoRef индексі және жарияланымдардың байытылған метадеректері

Пәндік салалар:

  • Экономикалық геология
  • Экологиялық және инженерлік геология
  • Геофизика
  • Гидрогеология
  • Палеонтология
  • Петрология
  • Теңіз геологиясы
  • Минералогия және т.б.