«РҒТК» КЕАҚ-тың Астанадағы 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысуы

«РҒТК» КЕАҚ Астанада өтіп жатқан, климаттың өзгеруі, су қауіпсіздігі және Орталық Азия өңірінің тұрақты даму мәселелеріне арналған 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысуда.

Саммит сессиялары барысында стратегиялық маңызды бағыттарға, соның ішінде криосфераны зерттеу мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Осы орайда ғылыми бағыттарды ақпараттық қолдауды жедел дамыту қажеттілігі атап өтілді.

«РҒТК» КЕАҚ Президенті Б.Ғ. Алматова атап өткендей, мұздықтардың жай-күйі, су ресурстары және климаттың өзгеруі туралы мәліметтер қолжетімді болуы, жүйеленуі және заманауи ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Талқылау қорытындысы бойынша криосфера бағыты бойынша мамандандырылған ақпараттық жүйені құру және кеңейту мәселесін пысықтау қажеттілігі белгіленді. Бұл ғылыми қауымдастықты өзекті әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кітапхананың саммитке қатысуы оның зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және ғылыми бастамаларды қолдауға ықпал ететін маңызды ақпараттық және ғылыми серіктес ретіндегі рөлін айқындай түседі.