25.05.2026 жылы РҒТК Ақпараттық-қызмет көрсету орталығында кітапхана ісін ұйымдастыру және қызмет көрсету кезеңдерін таныстыру мақсатында көрме өткізілді.
Кітапхана ісін ұйымдастыру – оқырмандарға қызмет көрсету, кітап қорын қалыптастыру, сақтау және цифрландыру үдерістерін жүйелі түрде жүргізу болып табылады. Келушілерге презентация арқылы теориялық мәліметтер ұсынылып, кейін кітапхана қорымен, анықтамалық-ақпараттық қызмет жұмысымен және анықтамалық-іздеу аппаратымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Көрмеге Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Физика-техника факультетінің 1-курс студенттері қатысты.



