Бүгін 26.05.2026 РҒТК Ақпараттық-қызмет көрсету орталығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенттеріне кітапхана орталығына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында кітапхананың мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері таныстырылды. Сонымен қатар Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың ресурстары туралы ақпарат беріліп, студенттер оларды іс жүзінде пайдалану жолдарымен танысты.




