
Құрметті әріптестер, жас ғалымдар мен зерттеушілер!
«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Ақтөбе филиалы сіздерді онлайн-лекцияға қатысуға шақырады.
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік: патент және патентке өтінімді кезең-кезеңімен беру».
Лекция барысында келесі мәселелер қарастырылады:
- Зияткерлік меншіктің негізгі ұғымдары мен патенттеу ерекшеліктері;
- Патенттік ізденіс жүргізу жолдары;
- Патент алуға өтінім берудің кезең-кезеңімен көрсетілген тәртібі.
Қатысуға шақырамыз: жоғары оқу орындарының жас оқытушыларын, магистранттарды, ғылыми қызметкерлерді және барлық мүдделі тұлғаларды.
- Өткізілетін күні: 2026 жылғы 24 маусым
- Уақыты: 11:00
- Ұзақтығы: 30 минут
- Платформа: ZOOM
Барлық сұрақтар бойынша келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: aktobe.biblioteka.rntb@gmail.com
Қатысуларыңызға қуаныштымыз!