Құрметті “РНТБ” КЕАҚ пайдаланушылары мен қызметкерлері!
Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
1 маусым — жаздың алғашқы күні ғана емес, сонымен бірге өсіп келе жатқан ұрпаққа қолдау көрсетудің маңыздылығын еске салатын айтулы мереке. Кітап балалардың тұлға болып қалыптасуында, олардың білім, даналық пен шабыт әлемін тануында ерекше рөл атқарады. Біз жас оқырмандардың осы танымдық жолында бірге болып, олардың ізденістеріне бағыт-бағдар беруге әрдайым қуаныштымыз.
Барлық балаларға мықты денсаулық, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ және жаңа белестер тілейміз!
