«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Арнайы түрлер орталығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университет колледжінің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша білім алатын 2-курс студенттеріне арналған танымдық экскурсия өтті.
Іс-шараға оқытушы Сарсенов Алтынбек Жарылкапулының жетекшілігімен 25 студент қатысты.
Экскурсия барысында студенттер Арнайы түрлер орталығының қызметімен, оның құжаттар қорымен, ақпараттық ресурстарымен және стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды іздеу мүмкіндіктерімен танысты.
Болашақ мамандардың кәсіби қызметіндегі нормативтік құжаттардың практикалық маңызына, сондай-ақ РҒТК-ның ақпараттық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Экскурсия жылы әрі достық атмосферада өтіп, студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды және кітапхананың ақпараттық ресурстарымен танысуға пайдалы мүмкіндік болды.
«РҒТК» КЕАҚ Арнайы түрлер орталығы білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнатуға әрдайым ашық және жастарды нормативтік-техникалық құжаттама әлемімен таныстыруға дайын.

