2025 жылғы 12 қарашада Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында «Ұлттық библиографияны дамыту: тәжірибе алмасу, заманауи технологиялар мен интеграция мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Бұл шара бірқатар маңызы бар мерейтойлық даталар аясында жүргізілді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құрылғанына 115 жыл;
Алаш ардақтысы, ағартушы Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл;
кітапхана ісінің көрнекті қайраткері, библиограф-ғалым Роза Бердіғалиеваның туғанына 80 жыл толуына орай қарастырылды.
Конференция барысында ұлттық библиографияны дамыту мен болашағын айқындау, тарихи жәдігерлердің сақталуы мен танымал болуындағы оның маңызды рөлі, сонымен қатар библиографиялық көрсеткіштер мен ғылыми құжаттарды құрастыруда заманауи тәсілдерді қолдану сияқты маңызды мәселелер талқыланды. Қазіргі заманауи технологияларды, цифрлық құралдарды енгізу мәселелеріне және библиографиялық ресурстардың болашақта интеграциялануына ерекше назар аударылды.
«РҒТК» КЕАҚ атынан конференцияға қатысушылар:
Қыдыржанова Қ.А., қорды толықтандыру және ғылыми өңдеу қызметінің басшысы;
Жанғазина А.Е., қорды ғылыми өңдеу секторының меңгерушісі.
«РҒТК» КЕАҚ өкілдерінің қатысуы өзара кәсіби байланыстың маңызын айқындап берді, ұлттық библиографияның даму саласындағы қарым-қатынасты және тәжірибе алмасуды нығайта түсті.