Іскерлік кездесу: «РҒТК» КЕАҚ және «ҚазҒЗВИ» Жамбыл филиалы ынтымақтастық перспективаларын талкылады.

Тараз қаласында «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Президенті Б. Г. Алматованың іскерлік кездесуі өтті. Іс шараға «РҒТК» КЕАҚ Жамбыл филиалының директоры М. Т. Кисметова және Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының (ҚазҒЗВИ) Жамбыл ғылыми-зерттеу ветеринария станциясының өкілдері қатысты.
Кездесу жұмысына филиал меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Анарбек Амреевич Тілепов, сондай-ақ аға ғылыми қызметкер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Хамит Әбілғазыұлы Әубәкіров қатысты.

Іс-шара барысында ғылыми зерттеулермен айналысатын және ғылыми нәтижелері (өнертабыстары) бар ғылыми қызметкерлерге практикалық көмек көрсету мәселесі қаралды. Патент алу үшін құжаттарды ресімдеу бөлігіндегі кеңестерге ерекше назар аударылды.
Кездесудің маңызды қөрытындысы — «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Жамбыл филиалы мен «ҚазҒЗВИ» Жамбыл филиалы арасында кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету туралы келісімшартқа қол қойылды. Құжат ғылымиынтымақтастықты дамытуға және институт қызметкерлерінің зерттеу қызметін қолдауға бағытталған.