«ИВИС» ЖШҚ – мерзімді басылымдардың баспа өнімдерін, кітаптарды, микрофильмдер мен микрофишаларды, мерзімді басылымдардың электрондық дерекқорларын және басқа да ақпараттық ресурстарды тарататын ресейлік ірі компаниялардың бірі.
«ИВИС» әмбебап мәліметтер базасының ақпараттық ресурстары әртүрлі тақырыптар бойынша Ресей Федерациясының Ғылыми электрондық журналдарының 9 атауын таңдауға мүмкіндік береді.
меди
Базаға Ресей Ғылым академиясы институттарының журналдары, тәуелсіз ғылыми басылымдар, сондай-ақ «Новый мир», «Дружба народов, «Знамя», «Звезда» және т. б. «қалың» әдеби-көркем журналдар кіреді. База пайдаланушылар арасында жоғары танымалдыққа ие, қазіргі уақытта бұл ресурс «ИВИС» ЖШҚ ұсынатын өнімдер арасында ең танымалы деуге лайықты. Базаның соңғы 10-12 жылда шыққан журнал нөмірлерінің үлкен архив қорына қол жеткізуге болады.
East View базасында пайдаланылатын ыңғайлы іздеу жүйесі, пайдаланушылардың бұл ресурсты жылдам игеруіне және қажетті ақпаратты бірнеше минуттар ішінде табуына жәрдемдеседі.
РФ ғылыми журналдары:
- Тұрғын үй құрылысы
- Зияткерлік жекеменшік. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
- Зияткерлік жекеменшік. Өнеркәсіптік меншік
- Өнімнің сапасын бақылау (Сәйкестікке бағалау тәсілі)
- Сапа менеджментінің әдістері
- Ғылым және өмір
- Мұнай өңдеу және мұнай химиясы. Ғылыми-техникалық жетістіктер және озық тәжірибелер.
- Стандарттар мен сапа
- Энергия үнемдеу және суды тазарту