РМК диссертацияларының электрондық кітапханасы – мыңдаған ғалымдар үшін өздерінің және ұжымның мүмкіндіктерін жаңаша жағдайда жүргізуіне, ғылыми зерттеулердің бағасын арзандатуға, ондаған жылдар бойы жинақталған білімді ескере отырып, өздерінің ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған бірегей мүмкіндікті ұсынады.
Ресей мемлекеттік кітапханасы (РМК) 1944 жылдан бастап медицина мен фармациядан басқа, барлық мамандықтар бойынша елде қорғалған диссертациялардың түпнұсқаларының бірегей архивы болып табылады. Қазір осы қорда 1 млн. том диссертациялар қоры сақталымда.
РМК ЭМҚ құрамы
- 1998 – 2003 жылдар: аса жоғары сұраныстағы мамандықтардың – «Экономикалық ғылымдар», «Заң ғылымдары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Психологиялық ғылымдар» (барлығы 28000-ға жуық толық мәтін) бойынша диссертациялардың бастапқы пакеті цифрландырылды.
- 2004 жылдың басынан бастап: РМК ЭМҚ құрамы диссертациялардың барлық мамандықтар бойынша (медицина мен фармациядан басқа) көлемімен толықтырылуда, бұл жылына шамамен 30000 диссертацияны (20000 кандидаттық және 10000 докторлық диссертацияларды қоса алғанда) құрайды.
- 2006 жылда: 1985 жылғы барлық диссертациялар цифрландырылған.
- 2007 жылдан бері: РМК ЭМҚ құрамы, медицина мен фармацияны қоса алғанда барлық диссертациялар көлемімен толықтырылып отырады.
- Қазіргі уақытта РМК Диссертациялардың электрондық кітапханасы 1 500 000 шамасындағы диссертациялар мен авторефераттардың толық мәтінін қамтиды.