«РҒТК» КЕАҚ-та Батыс Қазақстан филиалының директоры Кәсіби даму мектебінің бағдарламасы бойынша оқудан өтуде

2026 жылғы 23–30 қыркүйек аралығында «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Кәсіби даму мектебінде «РҒТК» КЕАҚ Батыс Қазақстан филиалының директоры Шапенова Ү.А. «Заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыру» курсы бойынша оқудан өтуде.

Оқу филиал басшысының кәсіби құзыреттерін арттыру, заманауи кітапханалық-ақпараттық қызмет саласындағы білімін тереңдету, сондай-ақ «РҒТК» КЕАҚ-тың бірыңғай талаптары мен стандарттарына сәйкес филиал жұмысын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.

Батыс Қазақстан филиалы қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, жас басшыны оқыту үшін заманауи кітапхана жұмысының негізгі бағыттары бойынша теориялық және практикалық сабақтарды қамтитын жеке оқу жоспары әзірленді.

Курс аясында мынадай негізгі тақырыптар қарастырылады:

  • заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыру, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің заманауи технологиялары, кітапхана процестерін автоматтандыру, РҒТК веб-сайтын дамыту және ілгерілету, кітапхана қызметінде әлеуметтік желілерді пайдалану;
  • «РҒТК» КЕАҚ мен филиалдардың кітапхана қорын орталықтандырылған түрде жинақтау, кітапхана ресурстарын қалыптастырудың және тиімді пайдаланудың негізгі қағидаттары;
  • кітапхана қорын ғылыми өңдеу, құжаттарды библиографиялық сипаттау және жүйелеу, кітапхананың анықтамалық-іздестіру аппаратын қалыптастыру;
  • пайдаланушыларға конкурс аясында қызмет көрсету, филиал қызметін жоспарлау, жоспарлы көрсеткіштерді орындау, есептілікті дайындау және жүргізу тәртібі;
  • ИРБИС64+ автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесінде, соның ішінде «Каталогтаушы» АЖО-да жұмыс істеу, ақпарат іздеу, оқырмандарды RDR дерекқорында тіркеу, өз генерациясының дерекқорларымен жұмыс істеу;
  • патенттік-ақпараттық қызмет көрсету, конкурс аясындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, патент қоры негізінде ақпараттық-кітапханалық іс-шараларды дайындау және өткізу.

Оқу барысында филиалды басқарудың практикалық аспектілеріне, пайдаланушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға, кітапханалық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуге, көрсеткіштерді орындауға, құжаттама мен есептілікті жүргізуге, сондай-ақ заманауи кітапхана қызметінде цифрлық құралдарды қолдануға ерекше назар аударылады.

Сабақтарды «РҒТК» КЕАҚ Президенті Баян Ғазизқызы Алматованың басшылығымен «РҒТК» КЕАҚ Ақтөбе филиалының тәжірибелі мамандары өткізеді. Курстың практикалық бағыты мамандардың кәсіби тәжірибесін кітапханалық қызмет көрсетуді және филиалды басқаруды ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін зерделеумен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Осындай оқу курстарын өткізу «РҒТК» КЕАҚ кадрларының үздіксіз кәсіби даму жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Алынған білім мен практикалық дағдылар Батыс Қазақстан филиалының жұмысын одан әрі жетілдіруге, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірдің ғылыми әрі кәсіби қауымдастығымен тиімді өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

«РҒТК» КЕАҚ кадрлық әлеуетті дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу және кітапханалар қызметіне заманауи тәсілдерді енгізу жұмысын жалғастыруда.