Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Мемлекет басшысының шешімімен елімізде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Бүгін бүкіл ел аумағында және Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік ту төмен түсіріліп, барлық ойын-сауық шаралары тоқтатылды, телерадиоарналардың хабар тарату кестесінен көңіл көтеретін бағдарламалар алынып тасталды. Қазақстан халқы қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.