18 қыркүйек — Халықаралық электронды кітап күні

Бүгін бүкіл әлемде цифрлық оқу мәдениетін дәріптейтін айтулы дата — Халықаралық электронды кітап күні аталып өтуде. Заманауи технологиялар кітап оқу үдерісін бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қолжетімді етті. Бүгінде тұтас бір кітапхана қорын бір ғана планшетке немесе электронды оқу құралына (e-reader) сыйғызып, кез келген уақытта және кез келген жерде білім нәрімен сусындауға болады. Электронды кітаптар тек ыңғайлылық пен ұтқырлықты ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды үнемдей отырып, экологияға да оң әсерін тигізеді.Бұл күн — сүйікті шығармаларыңызды цифрлық форматта парақтап, жаңа пайдалы әдет қалыптастыруға тамаша мүмкіндік.Оқудан қол үзбеңіз, заман көшінен қалмаңыз!