1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтау!

Құрметті ұстаздар, ғалымдар, білім және ғылым саласының ардақты қызметкерлері!

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – ұлттың ең қымбат капиталы, ал ғылым – елдің интеллектуалдық әлеуетін арттырып, болашағын айқындайтын стратегиялық күш. Ұстаз бен ғалымның еңбегі – жас ұрпақтың сапалы білім алып, ғылым мен инновацияға ұмтылуына жол ашатын аса маңызды құндылық.

Жаңа оқу жылы еліміздің білім беру және ғылыми-зерттеу жүйесіне жаңа серпін, тың идеялар мен жарқын бастамалар әкелсін! Білім мен ғылымды дамыту жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, әрбір ізденісіңіз жаңа жетістіктерге бастасын.

Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана ұжымы атынан баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, ғылыми ізденістеріңізге толағай жетістіктер тілеймін.

Еліміздің ғылымы мен білімі өркендеп, жас ұрпақтың болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болсын!

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың Президенті
Баян Ғазизовна Алматова