Кітапхананың цифрлық инфрақұрылымының маңызды құралына айналатын Nauka RNTB ЭКЖ жобасының алдын ала көрсетілімі

Бүгін қызметкерлер Nauka RNTB жобасының қазіргі жай-күйімен танысты. Жүйенің тұжырымдамасы, әзірлеу барысы және алдағы перспективалары туралы жобаның ғылыми жетекшісі, Патенттік-ақпараттар орталығының директоры Муканова Амина Мухамбеткалиевна мен «РҒТК» КЕАҚ Ақпараттық технологиялар орталығының жетекші бағдарламашысы С.П. Половинкин айтып берді.