«РҒТК» КЕАҚ-та ЕУРОКОДТАР бойынша арнайы түрлер орталығының көрмесі өтті

2026 жылғы 13 шілдеде «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ-тың Техникалық әдебиеттердің арнайы түрлері орталығында «Еврокодтар жүйесіне шолу» атты мамандандырылған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Еврокодтар (Eurocodes) — құрылыс конструкцияларын жобалауға арналған заманауи еуропалық стандарттар. Оларды Қазақстан Республикасының нормативтік базасына енгізу отандық құрылыс саласын әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Келушілердің назарына мемлекетаралық стандарттардың (ГОСТ EN) ресми басылымдары, өзекті нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ инженер-жобалаушыларға арналған сұранысқа ие практикалық нұсқаулықтар сериясы ұсынылды. Экспозиция құрылысты жобалаудың негізгі бағыттарын, соның ішінде болат, темірбетон, тас және алюминий конструкцияларын есептеуді, сондай-ақ геотехника мен сейсмикалық төзімділік мәселелерін қамтыды.