🇰🇿 ҚР Мемлекеттік туын пайдаланудың жаңа ережелері Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — азаматтық мәдениеттің маңызды бөлігі.
✅ Рұқсат етіледі:
- белгіленген талаптарды сақтай отырып, Мемлекеттік туды жеке меншік нысандарына орналастыру;
- тудың бейнесін спорттық киімдер мен экипировкада пайдалану.
❌ Тыйым салынады:
- туды жарнамалық мақсатта пайдалану;
- Мемлекеттік тудың матасынан киім дайындау;
- тұрмыстық заттар мен жапқыштар (перделер, дастархандар, кілемдер және т.б.) ретінде пайдалану.
🇰🇿 Мемлекеттік ту — Қазақстанның тәуелсіздігінің, бірлігі мен егемендігінің символы.
Мемлекеттік рәміздерге ұқыптылықпен қарау — еліміздің тарихы мен болашағына деген құрметтің көрінісі.