Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстанның құқықтық негізі

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде күшіне енеді. Жаңа Негізгі заң елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі нығайтуға бағытталған. (Деловой портал Kapital.kz)

Конституция – мемлекеттің ең басты құқықтық құжаты. Ол қоғам мен мемлекеттің даму бағытын айқындап, заң үстемдігін, әділеттілік пен азаматтардың теңдігін қамтамасыз етеді.

Жаңа Конституцияның күшіне енуі – еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуының жаңа кезеңі. Бұл құжат мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға, халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және Қазақстанның тұрақты дамуына берік негіз қалайды. (24.kz)

📚 КЕАҚ «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеу – құқықтық мәдениетті қалыптастырудың және елдің тұрақты дамуына үлес қосудың маңызды негізі екенін атап өтеді.