Онлайн-лекцияға шақырамыз!

Құрметті әріптестер, жас ғалымдар мен зерттеушілер!

«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Ақтөбе филиалы сіздерді онлайн-лекцияға қатысуға шақырады.

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік: патент және патентке өтінімді кезең-кезеңімен беру».

Лекция барысында келесі мәселелер қарастырылады:

  • Зияткерлік меншіктің негізгі ұғымдары мен патенттеу ерекшеліктері;
  • Патенттік ізденіс жүргізу жолдары;
  • Патент алуға өтінім берудің кезең-кезеңімен көрсетілген тәртібі.

Қатысуға шақырамыз: жоғары оқу орындарының жас оқытушыларын, магистранттарды, ғылыми қызметкерлерді және барлық мүдделі тұлғаларды.

  • Өткізілетін күні: 2026 жылғы 24 маусым
  • Уақыты: 11:00
  • Ұзақтығы: 30 минут
  • Платформа: ZOOM

Барлық сұрақтар бойынша келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: aktobe.biblioteka.rntb@gmail.com

Қатысуларыңызға қуаныштымыз!