РҒТК КЕАҚ ұжымы барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелері – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мемлекеттік қызмет – ел дамуы мен қоғам игілігі жолындағы маңызды әрі жауапты қызмет. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, адал еңбектеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз мемлекетіміздің тұрақты дамуына зор үлес қосуда.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Мереке құтты болсын!
