Бүгін РНТБ Ақпараттық-қызмет көрсету орталығында QAZAQ READING CLUB қазақ руханиятының асыл қазынасына айналған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының І бөлімін талқылауға арналған мазмұнды кездесу өткізді.
Әдебиет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымы мол басқосуда клуб мүшелері шығарманы бірлесе оқып, оның идеялық-мазмұндық ерекшеліктеріне талдау жасады. Қатысушылар роман кейіпкерлері, тарихи кезеңнің көрінісі мен туындының тәрбиелік мәні туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, әсерлерімен бөлісті.
Кездесу барысында мазмұнды пікір алмасу өрбіп, оқырмандар арасында қызғылықты талқылау ұйымдастырылды. Осындай рухани кездесулер ұлттық әдебиетімізді терең танып-білуге, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және мәдени мұрамызды насихаттауға зор ықпал етеді.








