«РҒТК» КЕАҚ қызметкерлері экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, аумақтарды абаттандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Сенбілік барысында қатысушылар іргелес аумақты тазалап, қаланың тазалығын сақтау мен жайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Бұл акция азаматтарды жауапкершілік, еңбекқорлық және табиғатқа жанашырлық сияқты ортақ құндылықтар төңірегіне біріктіреді.
«Таза Қазақстан» бастамасына қатысу — елді мекендердің тазалығын сақтау мен абаттандыруға қосылған маңызды үлес, сондай-ақ ол экологиялық сананы және қоршаған ортаға деген ұқыптылық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.








