«РҒТК» КЕАҚ-тың «МҒТСО» АҚ ұйымдастырған «Ғылыми идеядан ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды коммерцияландыруға дейінгі жол» тақырыбындағы семинарға қатысуы

«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ қызметкерлері Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (МҒТСО) ұйымдастырған «Ғылыми идеядан ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды коммерцияландыруға дейінгі жол» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми идеяларды сұранысқа ие инновациялық жобаларға айналдырудың негізгі кезеңдерімен, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктерімен, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді қолдаудың өзекті құралдарымен танысты.

Алынған білім мен практикалық ұсынымдар ғылыми-ақпараттық қызметті одан әрі дамытуға және ғылыми жобаларды сүйемелдеу тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.