Бүгін, 20 мамыр, Қазақстанда кәсіби мереке – Метрология қызметкерлері күні атап өтіледі.
Мереке 1875 жылы Парижде Метрикалық конвенцияға қол қойылған күнге орай белгіленген. Бұл дата өлшемдер туралы ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен бірліктің символына айналды.
Бүгінде отандық метрология мамандары өндіріс, медицина, энергетика және сауда салаларында өлшем бірлігінің дәлдігі мен нақтылығын қамтамасыз етіп келеді.
Құрметті метрология саласының мамандары!
Өз талантын, білімі мен тәжірибесін осы маңызды іске арнап жүрген баршаңызды кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс және кәсіби жетістіктер тілейміз!
Суретте: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Физика және математика кафедрасының оқытушылары мен студенттері.





