2023 жылғы 1 желтоқсанда «А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ зерттеушілері «РҒТК» КЕАҚ-қа келді. Сапар барысында Басқарма төрағасының орынбасары М.К. Атанаева мен Қолданбалы зерттеулер және әзірлемелер департаментінің директоры У.А. Оспанова «Орта және жоғары білім беру мазмұнын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері» атты монографияны таныстырды.
Монографияны Ш.М. Шүйіншинаның жетекшілігімен авторлар ұжымы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша №OR11465485 ғылыми жоба аясында дайындаған, ол орта және жоғары білім берудегі функционалдық сауаттылықтың дамуын, қабылдануын, қалыптасуын және бағалануын зерттеуге бағытталған.
Бұдан бөлек, ынтымақтастық бағыттары, соның ішінде ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми-техникалық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету және зерттеу нәтижелерін қазақстандық ғылыми қауымдастық арасында тарату мәселелері талқыланды.