ҚРМУ-дегі Маман күні

«РҒТК» КЕАҚ бірнеше жылдан бері Қазақстан-Ресей медициналық университетімен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді: жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттері мен магистранттары – біздің тұрақты пайдаланушыларымыз.

2024 жылғы 23 ақпанда «РҒТК» КЕАҚ Арнайы түрлер орталығы ҚРМУ-де «Стоматология» мамандығы бойынша білім алатын студенттер мен оқытушылар үшін «РҒТК қорлары мен қызметтері – болашақ медицина қызметкерлерінің оқу үдерісіне көмек» тақырыбында көшпелі Маман күнін өткізді.

Қатысушылар назарына мына презентациялар ұсынылды:

— ««РҒТК» КЕАҚ Техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлері орталығының қорлары мен қызметтері»,

— ««РҒТК» КЕАҚ Техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлері орталығының электрондық ресурстары»,

— «Медицина бойынша ашық қолжетімді ресейлік журналдар (UDB-OA-MED)»,

— ««РҒТК» КЕАҚ жарияланбаған материалдар қоры және Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар электрондық кітапханасы».

Іс-шараға қатысушылар үшін Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар электрондық кітапханасынан «Стоматология» тақырыбы бойынша диссертациялардың тақырыптық тізімі (20 атау), «Стоматология» тақырыбы бойынша нормативтік-техникалық құжаттардың тақырыптық топтамасы (16 атау) жасалды, «Медицина бойынша ашық қолжетімді ресейлік журналдар (UDB-OA-MED)» дерекқорында іздеу жүргізілді, «Эндодонтия Today» журналының 2023 жылғы 21-томы №4 санының мазмұны ұсынылды.