2026 жылғы 9 қаңтарда «РҒТК» КЕАҚ техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығының мамандары «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік және ақпараттық орталығы» ЖШС-де көшпелі Мамандар күнін өткізді.

Іс-шара аясында мекеменің калибрлеу зертханаларының тәжірибелік қызметінде Халықаралық стандартты қолданудың өзекті мәселелеріне арналған «Дәлдікті қамтамасыз ету: МемСТ ISO/IEC 17025-2019 калибрлеу зертханаларына қойылатын талаптар» тақырыбында презентация өткізілді.
Компания басшылығы, зертхана мамандары және топ мүшелері МемСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарын енгізу және оны қадағалау мәселелеріне жоғары қызығушылық танытты, оны қолданудың практикалық аспектілерін және сол арқылы кәсіпорын жұмысы тиімділігін арттырудың мүмкін жолдарын талқылады.
Кездесу барысында қатысушыларға айтарлықтай кәсіби қызығушылық тудырған «Қоршаған ортаны қорғау» нормативтік құжаттарының тақырыптық көрмесін ұсынылды. Өткізілген іс-шара ынтымақтастықтың жаңа кезеңдерін айқындай түсті: осы кездесу нәтижесінде Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуге шарт жасалды, сондай-ақ «РҒТК» КЕАҚ және «Қазэкология» ЖШС арасындағы әріптестік қатынастарды әрі қарай дамытуға негізделген болашақтағы қадамдар белгіленді.