Біз бүгін, 06.04.2026 Декада ғылым аясында жоспарланған іс-шара бойынша қызықты күн өткіздік.
🔹 Бірінші кезекте Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының көрмесіне қатыстық.
Көрме тақырыбы: «Қазақстанның көрнекті топырақтанушы-ғалымдар / Қазақстанның топырақтану ғылымының тарихы».
Қатысушылар еліміздің танымал топырақтанушыларының ғылыми еңбектерімен танысып, топырақтану ғылымының дамуын зерттеді.
🔹 Келесі кезекте Орталық Азия экология және қоршаған орта ғылыми-зерттеу орталығында топырақтану бойынша networking сессия өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты:
• Ғылыми жетістіктерді насихаттау
• Ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру
• Академиялық байланыстарды нығайту
Сессия барысында ғалымдармен кездесу, тәжірибе алмасу және ғылыми жобаларды талқылау өтті, қатысушылар жаңа кәсіби байланыстар орнатты.
Мұндай іс-шаралар кәсіби байланыстарды нығайтуға, ынтымақтастықты дамытуға және білімді нақты әрекетке айналдыруға көмектеседі.






