2026 жылғы 9 сәуірде сағат 14:00-де «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханада» қолжетімді электрондық ғылыми журналдардың толық мәтінді топтамаларына қол жеткізу және оларды пайдалану» тақырыбында веб-семинар өтеді.
Сіз келесілерді үйренесіз:
Платформада жеке аккаунттың не үшін қажет екенін.
Республикалық ғылыми-техникалық кітапханада қолжетімді энергетика бойынша Energy & Power Source, медицина бойынша MEDLINE Ultimate және әскери іс пен мемлекеттік басқару бойынша Military & Government Collection тақырыптық журналдар топтамаларына қалай және қай жерден қол жеткізуге болатынын;
Іздеудің барынша дәл нәтижелерін алу үшін іздеу сұранысын қалай дұрыс құрастыру керек екенін;
Ресурстармен жұмыс істеу кезінде қандай шектеуіштер мен кеңейткіштерді пайдалануға болатынын;
Табылған материалды қалай аударуға, жүктеуге, жіберуге, дәйексөз келтіруге және экспорттауға болатынын;
Платформада қандай жасанды интеллект құралдары бар екенін;
Тақырыптық айдарлар (рубрикатор) көмегімен іздеу сұранысын қалай құруға болатынын;
Электрондық кітаптарды жүктеудің қандай ерекшеліктері бар екенін;