«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Ақпараттық-сервистік орталығында «Оқиғалардың түпкілікті себептерін тергеп-тексеру және талдау. Мұнай-газ кешені кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының заманауи талаптары» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға мұнай-газ саласының жетекші мамандары қатысып, еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ өндірістік оқиғалардың себептерін тергеп-тексеру мен талдаудың заманауи тәсілдерін талқылады.



