«РҒТК» АЕҚ -да жаңа қызметкерлерге арналған Кәсіби даму мектебі өтуде

30 наурыз бен 3 сәуір аралығында «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» АЕҚ-да жаңа қызметкерлер: Батыс Қазақстан филиалының директоры мен Ақпараттық-сервистік орталық директоры үшін Кәсіби даму Мектебінде «Заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыру» курсы бойынша сабақтар өткізілуде.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — қызметкерлердің тиімді бейімделуін қамтамасыз ету, қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру және ұйым қызметімен таныстыру.

Оқу аясында қатысушылар «РҒТК» АЕҚ құрылымымен, жұмыстың негізгі бағыттарымен, ішкі процестермен және пайдаланушыларға қызмет көрсету стандарттарымен танысады.

Сабақтар құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен өткізілуде, бұл оқытудың практикалық бағыттылығына және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Кәсіби даму мектебін іске асыру кадрлық әлеуетті нығайтуға және көрсетілетін ақпараттық-кітапханалық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.