«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Ақпараттық қызмет орталығы Qazaq Reading Hub оқу клубында кітапсүйер қауымның кезекті кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар оқылған шығарманың үзіндісін талқылап, өз әсерлерімен, ой-толғамдарымен және автор көтерген тақырыптарға қатысты пікірлерімен бөлісті. Әрбір айтылған пікір талқылауды одан әрі мазмұнды етіп, кездесуге ерекше серпін мен шабыт сыйлады.

Кітап оқу адамдарды жақындастырады, күнделікті өмірге жаңаша көзқараспен қарауға жетелейді, сыни ойлау қабілетін дамытып, саналы оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Осындай кездесулер кітапты қызықты әрі мазмұнды сұхбаттың бастауы ететін пікірлес жандардың қауымдастығын қалыптастырады.